Атырау, 23 қараша 23:58
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүкті әйелдерді музыка ырғағымен босандыруда

3 416 просмотра

Ақтөбедегі перзентханада жүкті әйелдер әуен ырғағымен босанатын болды, деп хабарлайды КТК. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, осындай жаңа әдіс арқылы толғақты жеңілдетуге болады екен.  

Абат Көбеев, Ақтөбе облыстық перзентаханасының бөлім меңгерушісі:

-Ресторанда да, үйде де музыка ойнайды. Неге біздің больницада музыка ойнамасқа? Толғақ кезінде қатты ауырады, шыдамдылық керек. Музыка ойнаған кезде әйел мен нәресте шамалы болса да толғақты жеңілсінеді.

Әуенмен әйелдерді босандыруды актөбелік дәрігерлер осы аптада бастапты. Осы әдіспен алғаш рет босанған әйел Майкл Джексонның әнін сұрап, перзентханадағыларды біраз әбігерге салған. Себебі әйгілі әншінің шығармалары сол кезде дәрігерлердің қолындағы ән жинақта болмапты. Дереу ғаламтордан тауып, жүктеуге тура келді дейді. Сондықтан акушер-гинекологтар: “Қазір нағыз диджей болып алдық” деп әзілдейді. Бір қызығы, жүкті әйелдердің басым көпшілігі ер-азаматтардың орындауындағы әндерге тапсырыс береді екен.

Дереккөз: baq.kz

20 қаңтар 2012, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.