Атырау, 27 қараша 19:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Президент ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының бірінші сессиясын ашты

2 914 просмотра

АСТАНА. 20 қаңтар. BAQ.KZ – Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Президент ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының бірінші сессиясы ашылды. 

Естеріңізге сала кетейік, бесінші шақырылған Парламент елімізде өткен Мәжілістің кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен 3 партия өкілдерінен жасақталған. Олар: «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстанның коммунистік халық партиясы. Сайлауда басым дауысқа ие болған осы үш партияның ішінде «Нұр Отан» Мәжілістің 83 мандатын, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 8 мандатын, Қазақстанның коммунистік халық партиясы 7 мандатын иеленді. Аталмыш үш партия Мәжіліске депутат болатын азаматтардың есімдерін анықтап, Орталық сайлау комиссиясы партиялардың тізімдерін бекіту жөнінде арнайы қаулы қабылдады. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Мәжіліске депутат ретінде партиялар атынан ұсынылған азаматтарға арнайы омырауға тағатын белгілерді табыс етті.
Жалпы Мәжіліс құрамында 107 депутат бар.
Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында барлығы 7 саяси партия бәсекеге түскен еді.

Дереккөз: "BAQ.KZ"

20 қаңтар 2012, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.