Атырау, 11 желтоқсан 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қытай әлемдегі ең үлкен автобусты жасап шығарды

4 621 просмотра

БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 20-ы. Қытайда Youngman компаниясы әлемдегі ең үлкен JNP6250G автобусын жасап шығарды.  

Жаңа автобус басқа елдердегі «біргармошкалы» ағайындарынан шамамен екі есе үлкен және оның сыйымдылығы 300 жолаушыға дейін жетеді. Қытай инженерлері бұл алып техниканы Аспан асты мемлекетінің халқы көп екі қаласы үшін арнайы ойлап шығарған, деп хабарлайды ВЕСТИ. ru.

Қытай автобусының ұзындығы – 25 метр. Ол араларын екі гармошка-дәліз жалғайтын үш бөліктен тұрады. Иілгіш біріктірушілер аса ерекше пішінге ие, соның арқасында автобус дәстүрлі 12 метрлік радиуста бұрылыс жасай алады.

JNPG250G-дің есігі бесеу, яғни орта есеппен әр есік арқылы 60 адам кіріп-шыға алады. Ал бұл жаңа автобустағы орындықтар саны 40, демек қалған 260 адам қажетті жеріне тұрып жетеді деген сөз.

Алып автобус сағатына 80 км жылдамдық жинай алады. Жаңа көлік құралы жүрдек автобус құралының жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін пайдаланысқа берілетін автомагистральдермен жүретін болады. Естуімізше, JNPG250G отынды да үнемді жұмсайтын көрінеді.

Екі гармошкалы автобустарды бүгіндері Бразилия, Швеция, Германия мен Голландиядан жолықтыруға болады. Кей модельдердің ұзындығы, тіпті, 28 метрге дейін барады (олар JNPG250G-ден де сәл ұзындау). Алайда әлемде бірде-бір көлік қытай автобустары сынды жолаушылар санын сыйдыра алмайтын көрінеді.

Дереккөз: "baq.kz"

20 қаңтар 2012, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.