18 қаңтарда таңертеңгі сағат 5-те Құлсары қаласының өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне 1-ықшам аудағы №27 үйде өрт шыққандығы туралы дабыл түсті.
Оқиға орнына жеткен топ өртті тек сағат 7-де ғана өшіріпті. Өрт тұтанған №3 пәтердің екі тұрғыны – 72 жастағы әйел мен оның 8 жасар немересі газден уланып қайтыс болған. Сол пәтердің тағы бір тұрғыны - 39 жастағы ер адам қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға себебі анықталуда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды