Атырау, 23 қараша 20:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұяқбай және Әбіловке рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін айыппұл салынды

2 228 просмотра

АЛМАТЫ, 19 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы аймақаралық мамандандырылған әкімшілік соты ЖСДП көшбасшысы Тұяқбай мен Әбіловке рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін әрқайсысына  32 мың теңгеге айыппұл салды, деп хабарлайды сот залынан агенттік тілшісі.

Сонымен қатар, заңсыз қарсылық шарасын ұйымдастырғаны үшін ЖСДП Алматы қалалық филиалының басшысы Әмірбек Тоғысовқа 50 АЕК  айыппұл салынды.

Сейсенбіде, ЖСДП митингке шығып, өткен парламенттік сайлауға көңілдері толмайтындықтарын білдірді. Сайлау нәтижесі бойынша олар 1,68%  дауыс жинаған болатын. Тәуелсіздік монуметінің алаңында 250-ге жуық адам жиналған. Олар қарсылық ретінде орталық сайлау комиссиясы хаттамасының көшірмесін жағып жіберді. Жиын 45 минутқа созылды.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары АА"

19 қаңтар 2012, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.