Атырау, 7 қазан 11:08
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Зейнетақылар мен жәрдемақылар көбейді

7 022 просмотра

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы, әлеуметтік және арнайы мемлекеттік жәрдемақылар есептеуге арналған негізгі көрсеткіштер өзгерді. Олардың қалай өзгергендігі туралы оқырмандарымызға Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік қолдау және көмек көрсету бөлімінің бас маманы Бәтес ЖҰМАҒАЛИЕВА әңгімелейді.

-2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс минимумының деңгейі 17439 теңгеге дейін көтерілді. Бұл өткен жылы 15999 теңге болған еді. Осыған байланысты негізгі зейнетақы төлемдері 8720 теңге болады, бұл жоғарыда аталған күнкөріс минимумының тең жартысын құрайды. Бұдан басқа, барлық зейнетақылар мөлшері 9 пайызға өседі. Егер 2011 жылы орташа зейнеткер 25000 теңге зейнетақы алған болса, жаңа жылда оның зейнетақысы 27250 теңге құрайды. Яғни, 25000 х 1,09 = 27250. 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) те өзгеріп, 1618 теңгеге жетті, өткен жылы бұл 1512 теңге болатын. АЕК-тің өзгеруіне байланысты зейнетақы мөлшерін есептеуге арналған 63102 теңге (39 АЕК) - табыстың жоғарғы мөлшері де өзгерді. Жоғарғы мөлшер енді 47327 теңге (39 АЕК-тің 75 пайызы) болды, ал негізгі әлеуметтік төлем 8720 теңгені есептегенде зейнетақының жоғарғы мөлшері 56047 теңге құрайды. Тағайындалатын зейнетақының төменгі мөлшері 17491 теңге, негізгі 8720 теңге төлемді қосқанда 26211 теңгені құрайды, бұл өткен жылы 24047 теңге болатын.

Б. Жұмағалиеваның айтуынша, облыс бойынша 41 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақы мөлшері өзгерген. Күнкөріс минимумы мөлше-рінің өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері де өзгерді.

Мүгедектік, жалпы еңбекке жарамсыздық бойынша:

I топ - 22166 теңгеден 23718 теңгеге дейін

II топ – 17276 теңгеден 18486 теңгеге дейін

III топ – 12061 теңгеден 12905 теңгеге дейін.

16 жасқа дейінгі мүгедектерге және бала жастан мүгедектерге жәрдемақы мөлшері 16298 теңгеден 17439 теңгеге дейін өсті. Бала жастан мүгедектерге және 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектерге:

I топ – 22166 теңгеден 23718 теңгеге дейін

II топ – 18091теңгеден 19358 теңгеге дейін

III топ – 14180 теңгеден 15172 теңгеге дейін көбейді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер де өсті:

Отбасының еңбекке жарамсыз 1 мүшесіне 10757 теңгеден 11510 теңгеге дейін; Отбасының еңбекке жарамсыз 2 мүшесіне 18580 теңгеден 19881 теңгеге дейін; Отбасының еңбекке жарамсыз 3 мүшесіне 22981 теңгеден 24590 теңгеге дейін; Отбасының еңбекке жарамсыз 4 мүшесіне 24447 теңгеден 26159 теңгеге дейін; Отбасының еңбекке жарамсыз 5 мүшесіне 25262 теңгеден 27031 теңгеге дейін; Отбасының еңбекке жарамсыз 6 мүшесіне және одан жоғары 26240 теңгеден 28077 теңгеге дейін;

1 тұл жетімге 14669 теңгеден 15696 теңгеге дейін.

Еңбек өтілі болмаған жағдайда зейнеткерлік жасқа жету бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 8149 теңгеден 8720 теңгеге дейін көбейді. Осыған байланысты Атырау облысындағы 20 мыңнан астам жәрдемақы алушылардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өзгерді.

Б. Жұмағалиева қосымша хабарлағандай, АЕК-тің өзгеруі арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне де әсер етті. Түрлі санаттағы жәрдемақы алушылар үшін олар көбейген:

екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар, мүгедектер үшін 23100 теңгеден 24717 теңгеге дейін;

екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер үшін 8932 теңгеден 9558 теңгеге дейін;

екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер үшін 10934 теңгеден 11700 теңгеге дейін;

тыл еңбеккерлері үшін 3080 теңгеден 3296 теңгеге дейін;

І және ІІ топ мүгедектері үшін 2156 теңгеден 2307 теңгеге дейін;

ІІІ топ мүгедектері үшін 924 теңгеден 988 теңгеге дейін;

көп балалы аналар үшін 6006 теңгеден 6427 теңгеге дейін;

«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған аналар үшін 9240 теңгеден 9888 теңгеге дейін.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері өсті. Атырау облысында мұндай жәрдемақыны 33 мыңнан астам адам алады.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс алған аналар үшін жәрдемақы мөлшері өсті:

бірінші сәбиге 8316 теңгеден 8899 теңгеге дейін;

екінші сәбиге 9828 теңгеден 10517 теңгеге дейін;

үшінші сәбиге 11340 теңгеден 12135 теңгеге дейін;

төртінші және одан да көп сәбиге 12852 теңгеден 13753 теңгеге дейін.

Бірінші, екінші және үшінші сәби дүниеге келгенде бір мәрте берілетін жәрдемақы мөлшері 45360 теңгеден 48540 теңгеге дейін (30 АЕК) өсті.

Төртінші және одан да көп сәби дүниеге келгенде бір мәрте берілетін жәрдемақы мөлшері 75600 теңгеден 80900 теңгеге дейін (50 АЕК) көбейді.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар (қамқоршылар) үшін ай сайынғы жәрдемақы төменгі еңбекақы мөлшерінде тағайындалады, бұл 17439 теңге.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 қаңтар 2012, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.