Атырау, 10 желтоқсан 09:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Параның аты пара

2 035 просмотра

Бес мың теңге пара алған мемлекеттік қызметкер шартты мерзімге сотталды.

Жылыой ауданы прокуратурасы мәлім еткендей, бір мекеменің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторы жүргізушілік куәлік алмақшы болғаннан пара талап еткен. Сынақ мерзімінде парақты ауыстыру арқылы оны емтиханнан өткізбекші болыпты. Бірақ қаржы полициясы парақорды сол мезетте әшкерелеген. Сөйтіп, инспектордың үстінен ҚР ҚК 311-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, аудандық сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыруды үкім еткен болатын. Бірақ оның бұрын сотталмағандығы себепті, отбасы жағдайына байланысты ҚР ҚК 63-бабымен рақымшылық жасаған сот бұрынғы инспекторға екі жыл сынақ мерзімін беруді ұйғарыпты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қаңтар 2012, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.