Атырау, 23 қараша 22:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ІІД басшысының жаңа екі орынбасары тағайындалды

4 413 просмотра

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Бауыржан РАХМЕТОВ Атырау облыстық ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Б.Рахметов ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1982 жылы Гурьев ҚІІБ-де милиционер болып бастаған. 2014 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының ІІД бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

Сонымен қатар, ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Сұлтан МОЛДАШЕВ Атырау облыстық ІІД бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Ішкі істер органдарында ол 1991 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 2004 жылдан бастап Атырау облысының арнайы күзет қызметіне басшылық етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
10 қазан 2016, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.