Атырау, 27 қараша 19:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алаяқ көшеде аңдыпты

2 534 просмотра

Атырау қаласының тұрғыны ерекше иландыру қабілеті үшін түрмеге отырды. Пысықай әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана кезегіне тұрған азаматтардың шыдамсыздығын пайдаланып, пайда тапқан.

Тегін баспананы көп жылдар күтуге тура келеді. Кезек те өте көп. Жұмыссыз азаматша аңқау тұрғындарға белгілі бір сомаға арман болған баспананы жарты жыл ішінде «жеделдетіп» алып беруді ұсынған. 

Ол өз қызметін көшеде тұрып ұсынғаны белгілі болды. Біреулер жанынан өтіп кетсе, енді біреулері қызығушылық білдірген. Сол кезде ол өзінің сендіру қабілетін іске қосқан. Жаңа пәтерінің кілтін күтіп шаршаған клиенттерінің бірі қаржы полициясына жүгінген кезде, алаяқ сенгіш жерлестерінен 7 миллион теңгені алдап алып үлгерген екен. ҚР Қылмыстық Кодексінің 177-бабының 3-тармағы «б» тармақшасы бойынша (Ірі мөлшерде жасаған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ хабарлауынша, жақында №2 қалалық сот алаяқты 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Анастасия ПАСТУХОВА

18 қаңтар 2012, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.