Атырау, 27 қараша 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Макарон арзан, ет қымбат

2 816 просмотра

Жыл басында республикалық Статистика агенттігі бізді жақсы жаңалықпен қуантты. 2011 жылы инфляция деңгейі 7,4 пайыз құрапты, яғни, бұл 2010 жылға қарағанда 0,4 пайызға аз екен.

Сонда өткен жылы (ет пен басқа өнімдер бағасының өсуіне, кейбір бензин маркаларының тапшылығы мен қымбаттауына, коммуналдық тарифтердің көбеюіне қарамастан) алдыңғы жылға қарағанда жақсы өмір сүрген боп шықтық. Іс жүзінде солай ма?

- Бізде өткен жылы бидай өнімі өте бітік болды. Сондықтан ұн, макарон бағалары аз-мұз арзандады, - дейді өзін атамауды жөн көрген жергілікті экономистердің бірі. – Бірақ ет, жанар-жағармай секілді басқа тауарлар қымбаттап жатыр, сонда бірі екіншісін жауып отыр деген сөз. Бензин бағасы төрттен бір бөлігіне жақын мөлшерде қымбаттағандықтан, жеке көлік болсын, қоғамдық көлік болсын немесе жүк тасымалдау болсын, адамдардың көлік шығындары да көбейді.

- Кеден одағы жұмыс істей бастағаннан бері бір жыл өтті. Нәтижесі қандай?

- 2011 жылы кедендік төлемдердің түсімі 100 миллиард теңгеге көбейді. Бұл Кеден одағы елдерімен тауар айналымы өсе береді деген сөз. Екінші жағынан қарасақ, мәселен, Ресейде жанар-жағармай қымбаттап жатқандықтан, бензин бағасы бізде де өсіп жатыр. Бұл тіпті, біз қосымша баж салығын алып жатсақ та адамдардың көңіл-күйлеріне әжептәуір әсер етеді. Немесе шетелдік маркаларға жеңілдік баж салықтарының жойылғанын алып қарайық: өзімізге шетелдік маркадағы тәуір көлікті қымбат емес бағаға сатып алудың орнына, неліктен Ресейді қолдауға тиіспіз?

- Таяу күндерде еуроаймақ елдерінің несиелік рейтингісі құлдырап кетті. Тағы да қаржылық дағдарыс жөнінде әңгіме жүріп жатыр. Бізді алда не күтіп тұр? 2012 жылы банктердегі пайыздық мөлшерлемелер көтеріле ме?

- Еуропаның қаржы нарығы біз үшін жабық боп келген болса, сол жабулы күйінде қалды. Біздің банктер бірлестірілген несиелерді 2009 жылдан бері алуды тоқтатты. Сондықтан олардың рейтингтерінің құлдырағанының бізге еш қатысы жоқ. Біздің банктік нарығымыз осы деңгейде қалады және өткен жылғыға ұқсас шарттармен жұмыс істейтін болады. Ешқандай елеулі өзгеріс байқалмайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

18 қаңтар 2012, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.