Қаңтардың 16-сы күні «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Нұр Отан» партиясының жергілікті қолдаушылары сайлаудағы жеңістерін ұлықтады. Спорт кешенінің үлкен залы шенеунік-партия белсенділеріне, студенттер мен олардың оқытушыларына лық толы болды.
Жастар «Нұр Отан» деп жазылған ақ, көк және сары жалауларды желбіретіп, қазақстандық орындаушылар заманауи сарынмен әрлеген Д. Тухмановтың «Я, ты, он, она – вместе целая страна» деген әні айтылды. Кешігіп жеткен облыс әкімінің орынбасары әрі «Нұр Отан» ХДП атыраулық филиалының төрағасы Болат ДӘУКЕНОВТІ және облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІ қатысушылар «Нұр Отан – Қазақстан!», «Қазақстан жасасын!» деп ұрандатып, ду қол шапалақтаумен қарсы алды. Рысқалиев жергілікті нұротандықтармен бірге бірінші қатарға келіп тұрды, ал Дәукенов сахнаға көтерілді. Ол «Нұр Отанның» сайлауда сөзсіз жеңіске жетуі президент Н. Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған саясатының жемісі деп мәлімдеді:
- Халық өздерінің президентімен бірге екенін көрсетті. Біз өз таңдауымызды жасадық.
Осындай жалынды сөздерді «Таврос» армян ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Гагик Плузян, аграрлық-техникалық колледж директоры Болат Қожиев, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы Айтиева, «Жайықмұнайгаз» өндіру мекемесі қызметкері Қожантай Сыдықов пен т.б. басқалар сөйледі. Естеріңізге салсақ, алдын ала ОСК жариялаған мәліметтер бойынша «Нұр Отанға» сайлауға келгендердің 80,74 пайызы дауыс беріпті.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген В.Истомин