Атырау, 23 қараша 20:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Президент жаңа Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

2 025 просмотра

АСТАНА. 18 қаңтар. BAQ.KZ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2012 жылғы 20 қаңтарда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 18 қаңтар

Дереккөз:baq.kz

18 қаңтар 2012, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.