Атырау, 23 қараша 20:02
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақ жол» атынан Мәжіліске кімдердің депутат болатыны белгілі болды

2 238 просмотра

АСТАНА. 18 қаңтар. BAQ.KZ - Қазақстанның  «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Парламент Мәжілісінің депутаты қызметін атқаратын болды. «Бүгін партия өкілдері осындай шешім қабылдады», деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, 15-ші қаңтарда елде  өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері сайлаушылардың 7,47 пайыз даусын жинап, Парламент Мәжілісінің 8 мандатын алған болатын.

Бүгін партия өкілдері «Ақ жол» партиясының атынан  партия төрағасы Азат Перуашевтан басқа «ҚазГранит корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Азамат Әбілдаевты, «Алматы облысы, Қарасай аудандық кәсіпкерлер одағының төрағасы Нұрлан Жазылбековты, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Қазбекованы, Қазақстанның «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Екатерина Никитинскаяны, «МК-Бизнес» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Аманжан Рысқалиды, «Іле» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сағиятулла Сәрсеновты, «МұнайТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының кеңесшісі, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмас Тортаевты Парламент мәжілісінің депутаты етіп сайлау жөнінде шешім шығарды.

Дереккөз: baq.kz

18 қаңтар 2012, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.