Атырау, 30 мамыр 11:35
 дождьВ Атырау +14.2
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімнен екі сарбаз қаруымен қашып кетті

2 472 рет қаралды

Иллюстративті фотосуретМаңғыстау облысы ІІД-нен хабарлағандай, бүгін әскери бөлімнің бірінен екі сарбаз қашып кетті, деп хабарлайды 1tv.kz.

Олар – Қарағандыдан шақыртылған 1990 жылы туған Саитов және ШҚО-дан шақыртылған 1992 жылы туған Жынышбеков. Олар «Мұнайгаз» АҚ-ның нысандарының бірін күзеткен. Сарбаздар өз қосынын таңғы сағат бес шамасында тастап кетті.

Әскерилер бос кеткен жоқ, оларда екі автомат және 120 соғыс патроны бар. Сағат 10:30 шамасында тұспал берілген көлік ұсталды. Оның жүргізушісі сол бөлімнің лейтенанты болып шықты. Оған да қызмет бұйрығымен әлгі нысанды күзету тапсырылған екен.

Дереккөз: baq.kz

18 қаңтар 2012, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.