KazBIN.18.01.2012.Астана. – «Верный Капитал» компаниясының иесі Болат Өтемұратов Австрия астанасындағы Ritz-Carlton қонақ үйін сатып алды. Бұл ақпаратты ҚазТАГ Ritz-Carlton Hotel Company LLC компаниясының сайтындағы ақпаратқа сүйеніп таратты.
Венадағы 202 бөлмеден тұратын қонақ үйі 19 ғасырда салынған екі сарайдан тұрады. Қонақ үй ғимараты Австрия мемлекетінің мәдени ескерткіші ретінде күзетуге алынған. Бұл қонақ үй тарихи орында тұрғызылған, ол маңда Венаның мемлекеттік операсы мен көркемсурет өнер мұражайы орналасқан.
Айта кетейік, «Верный Капитал» өткен жылы Ritz-Carlton-ның Мәскеудегі қонақ үйін сатып алған болатын.
Дереккөз: "KazBIN"