Атырау, 27 қараша 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ертісбаев: Сайлауға қатысты ЕҚЫҰ пікірімен келіспеймін

2 575 просмотра

Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша президенті Ермұхамет Ертісбаев ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюросының парламент сайлауына берген  бағасымен келіспейтіндігін мәлімдеді.

Ертісбаев парламент сайлауында сайлаушылардың көпшілік бөлігінің дауыс бергеніне еш таң қалмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, Қазақстанда бұған дейінгі парламерт сайлауларында да сайлаушылардың басым көпшілігі дауыс берген. Ол бұған "Нұр Отан" партиясының барлық электоратты жұмылдыра алуы және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың танымалдығы әсер еткенін айтады.

Президенттің кеңесшісі сондай-ақ бұл жолғы парламент сайлауы ашық өткенін, оған халықаралық және жергілікті бақылаушылардың қатысуы дәлел болатынын да келтірген.

ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауда оппозициялық партиялар аз қатысты деген ескертпесіне қатысты Ертісбаев "Алға" партиясының қолдаушылар санының аз болуынан және партияны "мемлекеттік қылмыскердің" қаржыландыруы себепті тіркелмегенін айтқан. Ал "Руханият" партиясының сайлаудан тіркеу барысындағы заңсыздықтардан шеттетілгенін ескерткен.

Сайлауға бақылау жасаған ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы кеше сайлауда заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

17 қаңтар 2012, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.