Атырау, 9 желтоқсан 21:52
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

АҚШ: Қазақстандағы сайлау демократия талабына сай емес

3 362 просмотра

АҚШ халықаралық бақылаушылардың Қазақстандағы парламент сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтпеді деген пікірімен келісетінін білдіріп, арнайы мәлімдеме таратты.

ЕҚЫҰ-ның қаңтардың 16-сы күні жариялаған есебінен кейін таратқан АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде "Қазақстанда 15 қаңтарда өткен парламент сайлауы демократиялық ұстанымдарға сай келмейді және сайлау барысына оппозициялық партиялардың араласуына кедергі жасалды" делінген.

АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде осыған орай Қазақстан үкіметін сайлау процесін ашық өткізу және шынайы саяси плюрализмнің пайда болуына жағдай жасауға шақырады.

Бұған дейін сайлауға бақылау жасаған ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы парламент сайлауы демократиялық талаптарға сай өткен жоқ, билік шынайы плюралистік сайлау өткізуге жағдай жасамады деген болатын.

Сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша, Қазақстан парламентіне билікке жақын "Нұр Отан", "Ақ жол" және Қазақстан халықтық коммунистік партиясы өтті.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

17 қаңтар 2012, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.