Атырау, 27 қараша 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Нұр Отан» 80,99, «Ақ жол» - 7,44, ҚКХП - 7,19 пайыз дауыс жинады

3 389 просмотра

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын жария етті. Оған сәйкес, ел Парламенті сайлаушылардың басым даусын жинаған 3 партиядан жасақталатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ОСК-ның хатшысы Бақыт Мелдешовтың мәліметтеріне қарағанда, сайлауда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы сайлаушылар даусының 80,99 пайызын, Қазақстаннның «Ақ жол» демократиялық партиясы 7,447 пайызын және Қазақстанның Коммунистік халық партиясы 7,19 пайызын жинап, өз партияларының мүшелерін Парламент Мәжілісінде өкілдік етуге мүмкіндік алды.  

Өкінішке қарай, Мәжіліс сайлауына қатысқан өзге 4 партия 7 пайыздық межені бағындыра алмады. Атап айтқанда кезектен тыс сайлауда  Қазақстанның Патриоттар партиясы сайлаушылар даусының 0,38 пайызын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 1,68 пайызын, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы 1,19 пайызын, «Әділет» демократиялық партиясы 0,66 пайызын жинады.

Берілген дауыстардың нәтижелерін қорытындылай келгенде, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына Парламент Мәжілісінен 83 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына 8 мандат Қазақстанның Коммунистік партиясына 7 мандат берілетін болды.

Дереккөз: "baq.kz"

17 қаңтар 2012, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.