Атырау, 20 желтоқсан 23:40
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Жәшікпен жасанды аралға аттанады

3 413 просмотра

Атырау облысында бүгін таңертеңгі сағат жетіде 236 сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әнуар ТӘШЕНОВТІҢ ақпараты бойынша, дауыс беру тізіміне 293 мың сайлаушылар енгізілген.
Олар Парламент Мәжілісінің депутаттарын, сондай-ақ, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс береді. Сондықтан әр сайлаушының қолына үш бюллетеннен беріледі.
Таңертең біз №14 сайлау учаскесіне аяқ бастық. Бұл жердегі тізімде екі мыңнан астам сайлаушылар белгіленген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жанар СӘРСЕНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, сағат 10-ға қарай 70-тен астам адам дауыс берген. Осы уақытта учаскеге Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ та дауыс беруге келді. Бюллетенді жәшікке салған ол БАҚ-қа арнап, «өз елімнің азаматы ретінде бейбітшілік үшін, Қазақстанның гүлденуі мен демократиясы үшін дауыс бердім» деді.
Облыстық сайлау комиссиясындағылар дауыс беруге әр сайлаушының мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. Мәселен, қазіргі кезде Каспий теңізіндегі жасанды аралдарда жұмыс жасап жатқан үш мыңнан астам вахталық жұмысшылар да қалыс қалмаған. Сайлау комиссиясының мүшелері тікұшақпен екі аралға да барып, сөйтіп жұмысшылар дауыс беруге мүмкіндік алады.  
- Егер өз учаскесіне келген сайлаушы өзін сайлаушылар тізімінен таппаса, оған учаскелік комиссияға азаматтарды тіркеу кітабы мен жеке бас куәлігін ұсынуы керек. Содан кейін ол қосымша тізімге енгізілетін болады, - дейді Ә. Тәшенов.
Атырау облысындағы сайлауға үміткерлер мен партиялардың өкілдерінен басқа ЕҚЫҰ-дан екі, АҚШ-тан екі, Норвегиядан бір және ТМД Миссиясынан үш бақылаушылар бақылау жасайды.  
Түске таман, ОСК мәліметтері бойынша, Атырау облысында 45,1% сайлаушылар дауыс берген.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген В. Истомин

15 қаңтар 2012, 21:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.