Атырау, 23 қараша 20:19
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жерорта теңізінде қайырға тұрып қалған «Коста Конкорда» круиздік кемесінің бортында Қазақстанның үш азаматы болды

2 069 просмотра

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Италияның жағалауындағы Жерорта теңізінде қайырға тұрып қалған «Коста Конкорда» круиздік кемесінің бортында Қазақстанның үш азаматы болған.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер министрілігінен хабарлады.

СІМ-де нақтылағандай, қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ, бірақ олардың жеке заттары кемеде қалып қойған. Қазіргі уақытта азаматтарымызды елге қайтару мәселесі шешілу үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, 17 палубалық итальяндық «Коста Конкордиа» кемесі 13 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10 шамасында Джильо аралына жақын жерде құм қайраң саязға отырып қалды. Қолда бар мәліметтер бойынша, соққы кезінде кеменің корпусы бүлініп, қисайған. Апат кезінде оның бортында 3200-ге жуық жолаушы мен мыңнан астам экипаж мүшелері болды.

Бұған дейін БАҚ-тар оқиғаның сегіз құрбаны туралы хабарлаған болатын, бірақ олардың саны одан да көп болуы мүмкін, себебі, апаттан кейін кеменің көптеген жолаушылары борттың сыртына секірген. 

«Коста Конкордиа» кемесі 2005 жылы салынды. Онда 1,5 мың каюта, бес мейрамхана және төрт бассейн бар. Кеменің құрылысы шамамен 450 млн. еуроға бағалануда.

Дереккөз: http://baq.kz/kaz/news/cat/3/8008/

14 қаңтар 2012, 23:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.