Атырау, 23 қараша 19:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жалақыны прокуратура арқылы алды

1 977 просмотра

Атырау қаласының прокуратурасы өткен жыл ішінде 400-ден аса еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілерін анықтады.

«АЖ» газетіне Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Қайырбай ҚЫСТАУБАЕВ хабарлағандай, тексеру қорытындылары бойынша жұмыс берушілердің атына заң бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі 81 ұйғарым жолданған, шамамен 100 адам тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылып, 4 мыңнан аса азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалған. Прокурорлық тексерулерден кейін жұмыс берушілер еңбекақы бойынша жалпы сомасы 415 млн. теңге болатын қарыздарын өтеді.

«Атыраубалық» ЖШС қызметкерлеріне  2011 жылдың шілде және қазан  айларының 40 млн. теңге көлеміндегі еңбекақысын беруге қарыз болса, «Атырау футбол командасы» ЖШС де өзінің 62 қызметкерінің алдында берешек болып қалды. Басшылық атына жолданған прокурорлық ұйғарымнан соң екі кәсіпорында да адамдар жалақыларын алуға қол жеткізді.

Қ.Қыстаубаевтың айтуынша, 14 қызметкердің тиісті 500 мың теңге көлеміндегі еңбек ақысын кешіктіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке «Дядькова» ЖК тартылды. Кәсіпкерге 15 240 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы секілді заң бұзушылықтар бойынша «ККС-Секьюрити» ЖШС (қарызы 7 млн 890 мың теңге) және  «Вестерн Виста" ЖШС (қарызы 3,5 млн. теңге) басшыларына да айыппұл төлеу жазалары тағайындалды. Прокуратураның араласуынан кейін қызметкерлерге бережақтары толығымен қайтарылды.

Прокуратураның өкілі еңбекақыны төлемеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын бұзу болып табылатындығын еске салады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы, 5-тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерге еңбекақысын өз уақытында, толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

13 қаңтар 2012, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.