Атырау, 24 қараша 00:09
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауға әулиелер мүрделері әкелінді

3 187 просмотра

12 қаңтарда Атырау қаласының Успен соборында дүрлігіс орын алды. Кеш қарая шіркеуге қоңыраулатқан үнмен азап шегуші әулиелер Елисавета мен инокиня Варвараның шірімей сақталған мүрделері әкелінді.
Кешкі сағат жетіге қарай собор іші лық толы болды. Қаламызға Иерусалимдегі теңапостолды Мария Магдалинаның храмындағы тұрақты мекен-жайын сирек өзгертіп тұратын әулиелердің мүрделері бұрын-соңды әкелінбеген еді. Архиепископтар Антоний мен МаркОларды Атырауға Берлин-Германиялық және Ұлыбритандық архиепископ Марктің (айта кетелік, бұл оның біздің қаламызға бірінші келуі), сондай-ақ, Орал және Гурьев архиепископы Антонийдің жеткізгені бұл оқиғаға тағы бір үлкен маңыздылық берді.

Елдің бәрі күтіп тұрды. Бір-екі рет діндарлар шырақтар жағып, сап түзеген еді, бірақ әулилелер Атырауға сәл кешігіп жетті.
Азап шегушілердің мүрделері алтынмен апталған қобдимен әкелінді. Көпшілігі сыбырласып, таң қалысты, өйткені олар әулиелердің мүрделері салынған табыттар болады депкүткен еді. Алайда қобди ішінде үлкендігі сұқ саусақтың үлкендігіндей олардың денелерінің бір бөліктері ғана бар боп шықты.
- Мүрделер бұзылып кетпес үшін қандай да болмасын заттармен өңделе ме?

- Жоқ. Дененің шіріп кетпеуі, ол адамның әулие екендігінің белгісі, - деп түсіндірген еді соның алдында ғана собор настоятелі Михаил әкей. -  Азап шегушілердің денелері 1918 жылы Сібірдегі Синячихи деревнясының маңындағы жұртта қалған ескі шахтадан табылды. Оларды патша отбасына адалдықтары үшін Сібірге жер аударған болатын. Бұл Большевиктер әйелдерді ұрып-соғып, содан соң оларды шахтаға тастайды. Олар сол жерде жарақаттан және аштықтан көз жұмған. Бірнеше айдан кейін адмирал Колчактың әскері діндар әйелдердің өлі денелерін шахтадан шығарады. Ол жерде басқа адамдардың да денелері болыпты. Бірақ тек осы екі әйелдің ғана денелері шірімей қалған.

- Неліктен шірімей қалған мүрделер православиеліктер үшін маңызды?

- Құдайға тілектерін жеткізу үшін көптеген діндарлардың құлшылықтары дәрменсіз болады. Сондықтан оған әулиелер арқылы жалбарынуға болады. Ал олар өз кезектерінде Құдайға жалбарынады, олардың дұғаларында жалбарынушылардың тілектерін жеткізетін күш бар.
Әулиелердің мүрделері православиеде басқа да қабілеттерге ие. Діндарлардың пікірінше, оған қол тигізіп, тіпті жазылмайтын кеселден де айығып кетуге болады екен. Сондықтан ересектердің көпшілігі соборға түрлі кеселге ұшыраған балалары мен немерелерін ала келіпті.

Әулиелер мүрделері қалада 14 қаңтарға дейін болды, содан соң Қостанайға әкетілді.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суреттерді түсірген В.Истомин

13 қаңтар 2012, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.