Атырау, 23 қараша 19:56
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ғаламтордан дос іздеу астаналық қызды өкінішке тап қылды

4 857 просмотра

АСТАНА. Қаңтардың 12-і. BAQ.KZ - Танымайтын адаммен ғаламторда "достық құру" астаналық жас қызды орны толмас өкінішке ұшыратты. Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Астана қаласы ішкі істер департаментіне жас қыз жәбірленгендігі жөнінде шағым түсірді. Жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан ол, хат жазысып, оның соңы кездесу жөнінде ұсынысқа жалғасқан», - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Виртуалды әлемде табысқан "досымен" кездесуге алып-ұшып барған қыз, оның өзі айтқаннан әлдеқайда ересек адам екенін көреді. Жігіт өз анкетасында жасын 15 жылға жасартып көрсетіпті. Танысып үлгерместен жігіт қызға қырындап, тұрпайы ұсыныстар жасай бастаған. Қыз қарсылық көрсетпек болғанда, "досы" көлік есегін құлыптап алып, оны күшпен зорлаған.

«Қазіргі уақытта Астана қаласы ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері қылмыскерді қолға түсірді. Жәбірлеушіге қарсы ҚР ҚК 120 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде" дейді ІІД.

Дереккөз: BAQ.KZ

13 қаңтар 2012, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.