9 қаңтарда түнгі сағат үште полицияға 33 жастағы атыраулық таксист қоңырау шалып, жаңа ғана Колхоз базарының маңында өзін жолаушысының тонап кеткенін хабарлады. Жас жігіт жол ақысын төлеудің орнына пышақпен қорқытып, 18 мың теңгесін алып кеткен.
Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-іздестіру тобы із суытпай күдіктіні– Атырау қаласының 20 жастағы тұрғынынұстады. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-тармағы бойынша («Күш қолданамын деп қорқыту арқылы тонау») қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ