Атырау, 23 қараша 20:19
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі апат – екі ажал

2 197 просмотра

10-11 қаңтарда облыстың көлік жолдарында кісі өлімімен аяқталған екі жол-көлік оқиғасы орын алды.

10 қаңтар күні 19 сағат 25 минутта Құрманғазы ауданының Орлы селосында  «Lanos» көлігін жүргізген 1984 жылғы жергілікті тұрғын рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ауылдасы келе жатқан ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан шетелдік маркадағы көлік иесі сол жерде көз жұмып, «Жигулидің» жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі ауырлық дәрежесіндегі зақыммен орталық аудандық ауруханаға жеткізіліпті.

Осындай апат келесі күні Мақат ауданындағы №414 теміржол разъезінің маңында орын алған. 22 жастағы Мақат тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Мазда-626» көлігі «Тойота-Ландкрузермен» түйісіп қалған. Апат нәтижесінде «Мазданың» жолаушыларының бірі сол жерде қаза болып, жүргізуші мен тағы екі жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Иллюстративтік фотосурет "АЖ" мұрағатынан алынды

12 қаңтар 2012, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.