Атырау, 23 қараша 20:27
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралда жұмысшылар наразылық шарасын өткізді

2 506 просмотра

11 қаңтар күні Орал қаласында Маңғыстау облысындағы "Ersai Caspian Contractor LCC" («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясының 100-ге тарта бұрынғы жұмысшысы "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің алдына жиналды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жұмысшылар "Ersai Caspian Contractor LCC" компаниясынан өздерін "қара тізімнен" шығарып тастауды талап еткен. Компанияның бұрынғы жұмысшыларының айтуынша, өткен жылдың жазында компания вахталық әдіспен 280-ге тарта жұмысшыны жұмыстан заңсыз шығарып жібергенде оларды компанияның "қара тізіміне" қосып қойған. Ал жұмыс іздеп басқа жерге барса, компания оларды "қара тізімге" енгізіп қойғандықтан жұмысқа алмайтын көрінеді. Олар өздерінің ешқандай заң бұзбағандарын, жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтады.

Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысқан және бейбіт түрде өткен.

Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың алғашқы наразылығы Қашаған жобасында құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысқан "Ersai Caspian Contractor LCC" компаниясының жұмысшылары заңсыз жұмыстан шығарылған кезде басталған болатын.

Азаттық радиосы

12 қаңтар 2012, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.