Атырау, 25 наурыз 15:46
 ашықВ Атырау +13
$ 457.29
€ 490.35
₽ 5.97

Әзірге он тәулік жаза

1 486 просмотра

Мамандандырылған сот қаулысымен Атырау қаласының 43 жастағы тұрғыны 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Бұған оның Азаттық және Әуезов көшелерінің қиылысында жасаған жол-көлік оқиғасы себеп болды. Қала прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы Р. КАМЕЛДІҢ айтуынша, сол уақытта 43 жастағы Volkswagen көлігінің қожайыны мас болған. Оның үстіне, оның 2010 жылы көлікті мас күйде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 қаңтар 2012, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.