БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 11-і. BNews.kz –2012 жылы Қытай өзендерді құрғақшылық жайлаған елдің солтүстігіне жіберу жобасын іске асыруға 64 млрд астам юан (10,13 млрд доллар) жұмсайды. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жанындағы аталған бағдарламаның жетекшісі Е Цзинпинге сілтеме жасап «Око планеты» хабарлайды.
Жалпы құны 77 млрд доллардан астам «өзендер айналымы» жобасы 2002 жылы бекітілді. Жоба арқылы солтүстік бағытта Янцзы, Хуайхэ, Хуанхэ және Хайхэ өзендері ағысының бір бөлігін бұрып әкететін каналдар желісі - Шығыс, Орталық және Батыс имараттары салынады деп болжануда. Жұмыс 50-60 жылға есептелген. 1,3 мың шақырым каналдарды салғаннан кейін құрғақшылық жайлаған елдің солтүстігі жыл сайын 50 миллион текше метр су алып отырады, деп хабарлайды портал.
Дереккөз: bnews.kz