Атырау, 23 қараша 19:27
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үкімет комиссиясы өзінің Жаңаөзендегі жұмысын аяқтады

1 943 просмотра

Үкімет комиссиясы өзінің Жаңаөзендегі миссиясын аяқтады. Бұл туралы комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Мен комиссия өз жұмысын аяқтады деп есептеймін. Барлық шұғыл шараларды біздер дер кезінде және тиімді атқардық. Енді жаңа қаулыға сай, орта мерзімдік жұмыс жоспарына өтуіміз керек. Ол үшін Үкімет отырысының хаттамасына біз комиссия құрамына енгізілген әрбір мемлекеттік органдар – министрліктер мен ведомстволарға, оның ішінде «Самұрық-Қазынаға» өндірістік бөлікке қатысты тапсырмалар енгіземіз», - деді Ө.Шөкеев Үкіметтің селекторлық отырысында.

Ө.Шөкеевтің айтуынша, қаланың тыныс-тіршілігі толығымен бақылануда, Жаңаөзенді қоқыстан тазарту аяқталды, қала мен жақын маңдағы елдімекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар толқулар кезінде зақымданған 41 нысанды қалпына келтіру жұмыстары толығымен жалғасуда. Олардың ішінде әкімшілік және мемлекеттік ғимараттармен қатар коммерциялық және жекеменшік нысандар да бар.

«Қалпына келтіру жұмыстары жергілікті жұмысшыларды тарта отырып, кестеге сай жүргізіліп жатыр», - деді комиссия төрағасы.

«Одан басқа, Шетпе стансасындағы вокзал мен Теңге ауылындағы әкімшілік ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары да толығымен аяқталды. Қаза болғандардың отбасыларына 1 млн. теңге, жарақаттанғандардың отбасыларына 500 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды», - деді ол.

Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары қолға алынды. Мысалы, «Даму» қоры Жаңаөзенде кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашты.

«Несие беру шарттары мейлінше жеңілдетіліп, «өте жеңіл шартпен» 5 млн. теңгеге дейінгі несие берілетін болды», - деді Ө.Шөкеев.

http://1tv.kz/kk/news/kazakhstan/11012012/zhanaozen_ayaktau

11 қаңтар 2012, 20:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.