Атырау, 23 қараша 19:13
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шөпті әдейі өртепті

2 360 просмотра

Индер ауданы Елтай селосында желтоқсанда екі бірдей аула, қора өртенді.

Жаз емес, қақаған қыста шөп тола қораның өртенуі күдік келтіретіні рас. Ұлу жылына санаулы сағат қалғанда бір тұрғынның үш машина шөбі өрт құшағында кетті. Қорасындағы малын сығымдап шөптеп отырғандарға бұл ауыр соққы болып тигені анық еді.

- Жәбірленуші 150 мың теңге шығынға батты. Қыс кезінде шөп табу оңай деймісің. Қасақана жасалған өртеушіні ұстау үшін іс аудандық ІІБ жолданды,-дейді аудандық ТЖ бас маманы Ізбасар САҚЫПҚАЛИЕВ.

 

Жанбайға таза су келді

Исатай ауданы Жанбай селосының тұрғындары бұған дейін каналдың лас суын қанағат тұтып келген болатын.

Ұлу жылы қарсаңында жанбайлықтар үшін Қиғаш-Маңғышлақ су желісі арқылы селоға дейін 15 км су құбыры тартылды. Енді 2800-дей тұрғыны бар жанбайлықтар орталық таза су қондырғысынан водовоз арқылы таза су ішуде. Аудан әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ мәлімдеуінше, өткен жылдан бері тартылып жатқан селоішілік су құбырын төсеу жұмысы биыл бітуі тиіс. Онда таза су үй, үйге келеді деген сөз.

 

Кірме жолдар жөнделді

Исатай ауданындағы селоларға кіре беріс жолдар жөнделе бастады.

Мәселен Х. Ерғалиев - 1 км, Исатай - 11, Жанбай - 3 км кірме жолдары күрделі жөндеуден өткен. Қырық жылдан бері ұмыт қалған жолдарды жөндеу жұмысы осы  жылда  ары қарай жалғаспақшы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қаңтар 2012, 20:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.