Атырау, 7 қазан 11:10
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Назарбаев Конституциялық Кеңестің Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды

5 212 просмотра

АСТАНА, 10 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы тарапынан ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді, өйткені ҚР Констициялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депуттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді.

Қарсылықты енгізе отырып, Қазақстан Президенті Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді, өйткені Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған олардың сайлау құқықтарын шектейді.

Сөйтіп, Мемлекет басшысы қабылдаған аталған шешімнің жалғыз ғана мақсаты – Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайланудағы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

10 қаңтар 2012, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.