Атырау, 11 желтоқсан 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Полиция мотоциклдерге «шүйлікті»

2 585 просмотра

Исатай ауданының полицейлері үш дөңгелекті мотоциклдер мен олардың иелерін ақыры, тәртіпке шақыруға бел буды.

Исатай ауданының байтақ даласын облыстың түкпір-түкпірінен жинақталған «ежелгі» мотоциклдердің кезіп жүргеніне біраз уақыт та болды. Бұл ауыл тұрғындарының жалғыз ғана қозғалыс құралы, әсіресе ол қысты күндері теңізге салған ау-торларын қарайтын таптырмас көлік. Алайда, олардың мемлекеттік нөмірлерін көруіңіз сирек.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, тәртіп сақшылары Жанбай, Нарын, Амангелді, Зинеден, Исатай және Забурын поселкелерінде тіркелмеген мотоциклдерді анықтау мақсатында рейдтік шараларды бастаған. Бүгінгі күні оннан аса мотоцикл тәркіленді. Оларды ұрланған көліктер тізімі мәліметтерінің дерекқорлары бойынша тексеретін болады. Көлік құралдарының иелеріне олардың мотоциклдерінің заңдылығын растайтын қандай ма бір құжаттарын әкеліп, жол полициясына тіркетіп, заңдастыруға ұсыныс жасалды. Ол үшін мәселен, Жанбай селосына 25-26 қаңтарда ЖПБ тіркеу бөлімінің қызметкері арнайы келетін болады.

Лев ГУЗИКОВ

13 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.