Атырау, 25 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Тимур Құлыбаев қызметінен босатылды

2 952 просмотра

Желтоқсанның 22-і Ақтауда қала әкімдігімен кездесу үстінде президент Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қызметінен босатылатыны туралы хабарлады.

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры Қазақстанның ең ірі мұнай-газ барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаушысы "Қазмұнайгаз" компаниясының 100 пайыз үлесіне ие. 

Желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласында басталып, Шетпе станциясы мен Ақтау қаласына жайылған мұнайшылар толқуы арнайы полиция жасақтары оқ атқан қанды оқиғаға ұласқан еді. Бірнеше күнге созылған толқу кезінде ресми есеп бойынша жалпы саны 16 адам өліп, 100-ден астамы жараланған болатын.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл оқиғаларға мұнай компаниялары жұмыстан шығарған жұмысшылардың ереуілі түрткі болған.

"Қазмұнайгазға" қарасты "Барлау-өндіру" АҚ-ның өндірістік бөлімі - "Жаңаөзенмұнайдың" бірқатар жұмысшылары биылғы мамыр айында жаппай ереуіл бастаған болатын. Бұдан бөлек "Қаражанбасмұнай" компаниясы мен оның "АрғымақТрансСервис" және "ТұлпарМұнайСервис" атты бөлімшелеріндегі мұнайшылар да жалақы коэфициенттерін ескеруді талап етіп ереуілге шыққан еді. Рұқсат берілмеген ереуіл жасады деген айыппен екі мыңға тарта мұнайшы жұмыстан шығарылған болатын.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

22 желтоқсан 2011, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.