Атырау қаласының әкімі Н. ОжаевБұл туралы қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ алдағы 16 сәуірде «Бүкілқазақстандық ағаштар отырғызу күні» экологиялық акциясына арналған кеңейтілген отырыс кезінде хабарлады.
Өткен жылғы көгалдандыру мәселесі жөнінде айтқан ол сол кезде түрлі себептер бойынша бұл жұмыстардың көп кешіктіріліп басталғандығын атап өтті.
2015 жылы конкурсты жеңіп алған «Зеленстрой» компаниясының қызметі қанағаттанарлықсыз деп танылды.
Қала басшысы кәсіпкерлерге түрлі уақыттарда берілген, бірақ пайдаланылмаған жер телімдері мәселесін қозғады.
Ол өз орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИНГЕ қалалық сәулет бөлімімен бірге осындай телімдерге тексеру жүргізуге тапсырма берді. Пайдаланылмаған жерлер алынып, пайдалануға анағұрлым мүдделі болып отырған басқа бизнесмендерге беріледі. Қазір Атырауда осындай 400-дей телім бар, оның 80-іне материалдар әзір. Таяуда өтетін аукционда 20 телімді сату жоспарланып отыр. Шағын бизнестің фаст-фуд, тәттілер және т.б. сататын сауда нүктелері секілді көптеген түрлі формалары бар. Оларға шағын телімдерді аукцион арқылы уақытша пайдалануға беруге болады. Мұнда бүкіл сауда нүктелері белгілі бір стилде ресімделуі тиіс, олар үшін бірыңғай түс гаммасы және логотип жасалып қойылған.
Таяу уақыттарда «Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесімен ресми келісімшарт жасалады деп күтілуде. Бұл уақыттарда топырақты қопсыту, гүлдерді отырғызу картасын белгілеу және т.б. әзірлік жұмыстары басталып кетті. Кәсіпорын директорының орынбасары Сәуле ЖАНАЕВАНЫҢ айтуынша, олар көп жұмыс көлемін жасауға әзір, көгалдандыру бойынша тек бірнеше маман ғана шақырылатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА