Атырау, 29 қараша 06:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тал ексең, күтімін ұмытпа

3 752 просмотра

16 сәуірде еліміздің барлық аймағында экологиялық «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізіледі. Атырауда бұл күні 13 мың көшет өтырғызу жоспарланып отыр.

Осы акцияға орай өткізілген кеңейтілген мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ хабарлағандай, көшеттерді арнайы белгіленген жерлерде отырғызу үшін ірі кәсіпорындарға бөлініп берілген. Айталық, АМӨЗ Әуезов көшесінің бойына 500 ағаш, НКОК әуежай тасжолының бойына 500 көшет, ТШО мен КТК Салтанат сарайы ғимаратының маңына 500 және облыстық білім беру басқармасы мектеп пен балабақша аумағына 2 мың көшет отырғызуы тиіс.

Акцияға сондай-ақ, жоғары оқу орны мен колледж студенттері де қатыспақ, олар ауылдық округтерді көгалдандырумен айналысатын болады. Студенттерді тасымалдау жұмысына қалалық ТКШ бөлімі жауап береді.

Көшеттерді отырғызу картасын жасақтау барысында суару жүйесі бар орындар таңдалып алынды. Алайда, қаланың кейбір аудандарында сауару жүйесі мүлдем жоқ не болмаса дұрыс жасақталмаған. Суару мәселесін кәсіпорындар су таситын көліктерді жалдау арқылы өздері шешетін болады.

- Көгалдандыруды бастаған екенбіз ол істі ақырына дейін жеткізуіміз керек. Жеңіс саябағының маңында 2014 жылы аллея жасалып, оған кәсіпкерлер мен бизнесмендер бірнеше жүздеген ағаштар отырғызған болатын. Алайда, бүгінгі таңда гүлбағының келбеті айтарлықтай емес, - деп қынжылысын білдірді әкім.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 сәуір 2016, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.