Атырау, 29 қараша 06:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​8 жасар атыраулық қыз атаулы шәкіртақы иегері атанды

2 485 просмотра

11 cәуір күні Атырау облысының тумасы, GEMS World Academy мектебінің 3-сынып оқушысы Сайора ШОТПАҚОВА Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігінің бірінші президенті шейх Заеда Аль Нахайянаның жесірі Шейха Фатма Бинт Мубарак атындағы жүлденің иегері атанды.

Сайора отбасымен бірге қазір Абу-Даби қаласында тұрып жатыр. Біз оның әкесі Аслан ШОТПАҚОВПЕН байланысқа шығып, қызының осы жетістігі жөнінде сұрап білдік:

- Ел анасы Шейха Фатма Бинт Мубарак атындағы жүлде GEMS Education білім беру қорының құрамына кіретін мектепте оқитын қыздарға беріледі. Әр жыл сайын мектеп комиссиясы үздік оқушыны таңдап, қордың бас комиссиясына ұсынады. Білім беру қорының басшыларынан құралған комиссия әр мектептен бір окушыға осы жүлдені тағайындайды.

Осы жылы аталмыш жүлдені БАӘ-нің мәдениет және білімді дамыту министрі Шейх Нахьян бин Мубарак Әл Нахьян тапсырды. 37 жүлдегердің ең кішісі Сайора болды.

Шейха Фатма Бинт Мубарак БАӘ-нің тұңғыш президенті Шейх Зайед бин Сұлтан Әл Нахьянның үшінші әйелі. Әйел құқықтарын қолдау және дамыту жолындағы ерен еңбегі үшін Ел Анасы атағына ие болған. Бұл жүлде 2005 жылдан бастап оқуда, табиғатты қорғауда және басқа да қоғам салаларында үздік жетістіктерге қол жеткізген қыздарға беріледі. Жеңімпаздарға бір жылдық оқу төлемі көлеміндегі стипендия тағайындалады.

Айнұр САПАРОВА

14 сәуір 2016, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.