Атырау, 20 сәуір 20:11
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Мәңгілік полк» акциясы өтеді

2 993 просмотра

8 мамырда Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Мәңгілік полк» акциясын өткізеді.

Майдангер бабаларының портреттерін ұстаған қалалықтар колоннасы Сәтпаев даңғылы бойымен жүріп өтетін болады. Өткен жылы мұндай акция Атырау қаласында өткізілді.

- Сол кезде біз осы акцияға қатысуға ниет білдірген көптеген адамдардан 400-ден аса өтініш қабылдадық, – дейді жастар орталығында. – Ал, іс жүзінде халық саны өте көп болды, көпшілігі, тіпті, шеру кезінде колоннаға келіп қосылды.

Акцияға қатысу үшін өтінішті міндетті түрде zhas_center@mail.ru жолдауыңыз керек немесе Махамбет көшесі,116/2 мекен-жайында орналасқан жастар орталығына әкелуіңіз керек. Өтініштерді қабылдау мерзімі 30-шы сәуірге дейін. Сондай-ақ, фотосуреттерге талап қойылады, олар А4 форматында және қоңыр түсті жиектемеге салынуы тиіс.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.