Атырау, 10 қазан 17:21
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Аудан жаңалықтары

2 045 просмотра

Жылыой ауданы

Өткен жылы Құлсары қаласында жөндеуден өткен 1,5 мың адам сыятын мешіттің жанынан 40 адамға лайықталған діни сауат ашу орталығының құрылысы басталды.

- Бұл орталықты жылыойлық азаматтар өз қаржысына салып жатыр. Ғимарат биыл бітеді деп жоспарланған, - дейді Құлсары қаласының бас имамы Арман ИСАЕВ.

Қызылқоға ауданы

Қызылқоға ауданында жиырмаға жуық диқаншы 30 гектар жерге картоп, бау-бақша егуді жоспарлап отыр.

Сондықтан, жер жырту жұмыстары сәуірдің 20-сынан бастап жүретін болады.

***

Қызылқоға ауданындағы 10 округте тазалық айлығы қарқынды жүруде.

Қоқыстарды жинап, ағаштарды әктеп, жас талдарды отырғызу жұмыстары қолға алынған.

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.