Атырау, 17 желтоқсан 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Қызылқоғаға қызыл су келе жатыр

2 409 рет қаралды

Қызылқоға ауданындағы құрғап жатқан каналдарға су келе бастады.

Еріген қар суы Ойыл өзеніне Ақтөбе облысының Қызылбұлақ деген жерінен келіп жатыр.

- Бүгінде бар су сол «Тамдыкөл» тоғанында жиналып тұр. Ақтөбеліктер су алып болғаннан кейін сол өңірдегі «Тамдыкөл» су реттегіш шлюзы ашылады. Болжауымызша, су мөлшері өткен жылғы деңгейден аспас, - дейді Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот МҰҚАНОВ.

Еріген су Миялы ауылының қасында орналасқан Ералы су торабына жиналады. Су реттегіш шлюздерді ашу арқылы алдымен Ойыл өзені және Тайсойған ауылына су жеткізу ойластырылуда.

- Мал өсіруші шаруа қожалықтары малға беретін суды көлдерден, каналдан, тоғандардан алады. Ал, күн ысып кетсе, каналдағы су кеуіп қалады. Осыны болдырмау үшін бар суды тиімді пайдалануымыз қажет, - дейді Мұқанов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.