Алматы. 13 сәуір. ҚазТАГ – Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін бір деңгейде тежеу туралы уағдаласты, деп хабарлады РБК.
«Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тежеу туралы келісті. Тараптар ең негізгі мәселе бойынша уағдаласты: Сауд Арабиясы мұнай өндірісіне қатысты шешімді Иранның ұстанымына байланыссыз қабылдайтын болды», - делінген сәрсенбі күнгі жарияланымда.
Бұрынырақ, 1 сәуірде, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы, қорғаныс министрі Мохаммед бин Салман өзінің елі мұнай өндірісін тежеу жөніндегі келісімге, егер Иран мен басқа да ірі өндірушілер қосылса ғана қосылатынын мәлімдеген болатын.
Иран өздеріндегі мұнай өндірісінің деңгейі санкция енгізгенге дейінгі деңгейге жетпейінше, ешқандай келісімге қосылмайтынын бірнеше рет мәлімдегенді.
Ол аз десеңіз, Теһранда мұнай өндірісін тәулігіне 4 млн баррелге дейін арттырумен қатар оны бәсекелестерінен арзан бағаға сататынын мәлім етті. Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) Иран мұнай өндірісінің ондай деңгейіне тек 2020 жылдың басына қол жеткізетінін мәлім еткенді.
2016 жылғы ақпанда Ресей, Сауд Арабиясы, Венесуэла мен Катар мұнай өндірісінің деңгейін, егер басқа мұнай өндірушілер осы ұсынысты қабыл алса, 2016 жылғы қаңтардағы деңгейінде тежеуге келісті. Ресей энергетика министрлігі мәлім еткендей, мұнай өндірісін тежеуді 15 ел қолдады. Министр Александр Новак айтқандай, Дохада 17 сәуірде жоспарланған кездесуде мұнай өндірісін тежеуге қатысты қандай да құжатқа қол қойылуы мүмкін.
Дереккөз: ҚазТАГ