Атырау, 26 қараша 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сирияда 7 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылды

2 451 просмотра

Фото: express-k.kzСирияда әскери қақтығыстар жүріп жатса да, парламент сайлауы басталды. Азаматтар дауыс беру үшін елдегі 15 провинцияның 13-інде 7 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ұйымдастырылған. Ал «Ирак пен Левант» және «Джебхат ан-Нусра» лаңкестерінің бақылауындағы Ракка мен Идлиб провинцияларында мұндай жағдай жасау мүмкін болмады,- деп хабарлайды 24.kz

Биылғы науқанда халық қалаулысы атануға 3,5 мың адам үміт білдірген. Бірақ парламенттегі жалпы орын 250 ғана екен. Сайлау комиссиясы өз таңдауын жасағысы келгендер саны көп болса, дауыс беруді түн ортасына дейін жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Сайлауда сириялық күрдттер де өз таңдауын жасауға толық құқылы. Саяси шара барысын бақылап, ол туралы ақпарат тарату үшін елге 160 шетелдік БАҚ өкілі шақырылған. Олар науқанның қалыпты өтіп жатқанын хабарлады. Дегенмен лаңкестер тарапынан төніп тұрған қауіп деңгейі төмендемеген.

Дереккөз: 24.kz

13 сәуір 2016, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.