Атырауда 12 сәуірден бастап 15-ші Солтүстік-Каспий өңірлік құрылыс және интерьерлік көрме мен 10-шы Атырау өңірлік мұнайгаз технологиялық конференциясы жұмысын бастады.
AtyrauBuild 2016 құрылыс көрмесі мұнайгаз саласы үшін технологияларды ұсынады – коррозияға қарсы жабындар, бұрғылау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, тасымалдау және көмірсутектерді сақтау.
Мұнайсервис компанияларынан бөлек оған құрылыс материалдары мен жабдықтарын, өңдеу материалдарын, жылытуға арналған, сумен қамту және вентиляция жабдықтарын, жол құрылысына арналған материалдарды және т.б. өндірушілер – Әзірбайжаннан, Германиядан, Даниядан, Қытайдан, Нидерландыдан, Оманнан, Польшадан, Ресейден, Түркиядан, Украина мен Қазақстаннан барлығы 100-ден астам компания қатысады. Ұйымдастырушылар – қазақстандық Iteca көрме компаниясы мен оның халықаралық серіктесі ITE компаниялар тобы.
Дәстүрлі түрде бұл шара Global Oil & Gas Atyrau («Атырау Мұнай және Газ») мұнайгаз көрмесімен қатар өтеді.
Алдағы конференция бағдарламасында шағын және орта кеніштерді игеру, мұнай түсімін арттыру, бұрғылау және өндіру технологиялары бойынша сессия өткізуді жобалайды.
Мамандандырылған дөңгелек үстел шеңберінде делегаттар мұнайхимия, мұнай өңдеу және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында соңғы жетістіктермен танысады.
– Конференция – бұл мүдделі компаниялардың өкілдері бір-бірін тауып, танысатын бизнес алаңы, яғни, негізделген мақсат – нетворкинг, байланыстар, - дейді «Атырау Мұнай және Газ» конференциясының менеджері Жанар БЕКБАСОВА.
– Бұл шараның нәтижелілігі қандай? Сіздің алаңда жасалған келісімшарттар туралы статистика бар ма?
– Біз ондай есеп жүргізбейміз, бірақ сол конференция мен көрме күндері болмаса да, келісімшарт жасалады, бірақ серіктестер осы жерде танысады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор