Атырау, 26 қараша 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ХВҚ: Ұлыбритания референдумы әлем экономикасына әсер етеді

1 698 просмотра

ХВҚ-ның Вашингтондағы бас кеңсесі. Көрнекі суретXалықаралық валюта қоры (ХВҚ) британдықтар 23 маусымда өтетін референдумда Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берсе, онда ол әлемдік әлсіз экономикаға кәдімгідей теріс әсер етуі мүмкін деп ескертті. ХВҚ-ның экономикалық мәселелер бойынша бас сарапшысы Морис Обстфильдтің мақаласында Ұлыбританиядағы дауыс беру "инвесторлар үшін екіұдай күй тудырған" негізгі қауіп-қатер деп аталады,- деп хабарлады Азаттық.

Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы орныққан сауда байланыстарын бұзатындықтан оның аймақтық және халықаралық деңгейде теріс салдары болады. Сарапшының пікірінше, мигранттар ағыны мен экстремистердің шабуылынан туындаған дағдарыс ұлтылдық көңіл-күйді күшейтіп, "Ұлыбританияның ЕО-дан шығу ықтималдылығын шынайылыққа айналдыра бастады".

Обстфильдтің жазуынша, әлемдік экономиға тап болған өзге де қауіп-қатерлер арасында Қытай мен басқа да жаңа нарықтардағы және қор биржаларындағы тұрақсыздық, әлемнің экономикасы анағұрлым дамыған елдеріндегі ұзақ мерзімді даму әлеуетінен айырылуы проблемалары бар.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 сәуір 2016, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.