Фото: pravda.ruКандагардың оңтүстік провинциясында кем дегенде 5 ауғандық шекарашы әріптестерінің қолынан қаза тапты,- деп хабарлады 24.kzагенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Оқиға «Талибан» ұйымының өкілдері өздерінің көктемгі жорықтарының басталғанын хабарлаған күні болған. Аталған жағдайдан кейін қызметтестерін атып өлтірген сақшы шекарадан асып өтіп, Пәкістан аумағына қашып кеткен. Кейбір деректерде қаза тапқан шекарашылардың саны 7 адам деп көрсетілген.
Дереккөз: 24.kz