Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жаңа рөлде тек өңірмен ғана емес, шетелдік саясаткерлермен және топ-менеджерлермен белсенді түрде танысуда.
11 сәуірде ол АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж КРОЛМЕН, шотландық-туыстас қала Абердиннен келген делегациямен және НКОК-тың басқарушы директоры Бруно ЖАРДЕНМЕН кездесу өткізді.
АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джордж Крол Атырауға елші ретінде алғаш келіп отыр.
Ноғаев 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында Атырау облысының Америка Құрама Штаттарымен тауар айналымы 36,6 млн доллар құрағанын хабарлады. Облыста американдық капиталдың үлестік қатысы бар 58 кәсіпорын жұмыс істейді.
Кездесу барысында екі тарап АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа байланысты пікір алмасып, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты өзара қызығушылық танытты.
- Біз шетелдік серіктестермен, соның ішінде, әрине, американдық кәсіпкерлермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Атырау облысында бұл үшін: мұнай өнімдерін өндіру және өңдеу саласында, мұнай-химия кластерін дамытуда үлкен мүмкіндіктер бар, - деді Н.Ноғаев.
Әкім Бруно Жарденмен тек жобадағы қазақстандық және жергілікті қамтуды дамыту, Атырау облысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігі, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғана талқылады.
Содан кейін баспасөзден кеңес залынан шығуды өтінді – бәлкім, көзден таса қалған соң, басшылар Қашағандағы құбырды қайта жарақтау кезеңдері мен коммерциялық мұнай өндіруді бастау туралы өзекті ақпараттар алмасқан шығар.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА