Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ – Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко 11 сәуірде «Зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» жарлыққа қол қойды. Ол бойынша елдегі зейнетке шығу жасы ұлғайды, деп хабарлады БЕЛТА.
Құжат қазіргі өзгерген әлеуметтік-демографиялық жағдайда зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған. Жарлықпен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кезеңмен жыл сайын 6 айға ұлғайтылып, зейнетке шығу жасын ерлер 63-ке толғанша, әйелдерге 58-ге толғанша көтеріп отыру қарастырылған. Осы сияқты жеңілдетілген еңбек зейнетақысы мен еңбек өтілі үшін зейнетке шығу құқығын беретін жас мөшерін ұлғайту (3 жылға және 6 жылға); әскери қызметкерлердің де әскер қатарында болуының шекті жасын жалпыазаматтықпен өлшемдес түрде біртіндеп көтеру қарастырылған.
Бүгінге Беларусияда 2 млн 354 мың зейнеткер бар. 2016 жылғы 1 қаңтарға еңбекке жарамды халық саны 5,5 млн адам болды.
Дереккөз: ҚазТАГ