Атырау, 29 қараша 06:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҰБТ: Сізге екінші мүмкіндік беріледі

3 967 просмотра

ҰБТ-ны сәтсіз тапсырған талапкерлер қайтадан тестілеуден өтуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Амантай ҚҰСЫНОВ Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдердің қатысуымен өткен кеңесте айтып өтті.

ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін жоғары оқу орындарының тізімін білім және ғылым министрлігі жасайтын болады. Қайталап тестілеуде түлектер 4 пәннен тапсырады: Қазақстан тарихы, математика, оқыту тілі және таңдау бойынша пән (профилді). Екінші талпыныс үшін оларға өтініш, 3х4 өлшемдегі 4 фотосурет және орта мектепті немесе техникалық яки кәсіби оқу орнын бітіргендігі туралы құжаттарды мекенжайы бойынша таяу маңдағы базалық жоғары оқу орнына тапсыру керек. Атырауда биыл ҰБТ Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ мен АтМжГИ-ның базасында өткізіледі.

Қайталама тестілеуден өту тәртібі әзірге толық анықталған жоқ. Алайда, Құсынов белгілі болған жайттарды айтып өтті. Қайталама ҰБТ-ға қандай да болмасын пән бойынша "2" деген баға алғандар жіберілмейді. Сонымен қатар, қайталама ҰБТ-ны сәтті тапсыру мемлекеттік гранттар алу үшін байқауға қатысуға және тегін оқуға үміттенуге құқық бермейді.

Тағы бір өзгеріс: енді ҰБТ-дан өткен жылдардағыдай халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар байқауына қатысушылар емес, тек жүлдегерлері ғана босатылады.

ҰБТ өткізу бойынша мемлекеттік комиссияға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілетін болады. Ал апелляция қарау жөніндегі республикалық комиссия құрамын ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары құрайды. Бұрын оның жұмысына тек мектеп мұғалімдері қатысатын.

Ал ережелердің басым бөлігі өзгеріссіз қалды. ҰБТ-ға қатысуға өтініш бұрынғыша 10 наурыз бен 25 сәуір аралығында қабылданатын болады. Тестілеу 1-15 маусым аралығында өтеді. Өңірлік жоғарғы оқу орнына қабылдану үшін 50 балл, ұлттық жоғарғы оқу орнына - 70 және одан көп балл жинау керек. Оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика, екінші тіл, тиісінше қазақ немесе орыс тілі және таңдау бойынша пәннен тапсыру міндетті болып қалады. Екінші тіл бойынша тестілеу тілі бұрынғыша есептелмейді. Сынақ 3,5 сағатқа созылады. Әр пән бойынша 25 сұраққа жауап беру керек, тапсырманың жалпы саны — 125. Баллдарды бағаға ауыстыру шкаласы өзгермейді.

Әрине, қосымша құралдар мен құрылғыларды: шпаргалка, телефондар, калькуляторлар және т.б. пайдалануға салынған тыйым да өзгермейді. Естеріңізге салсақ, 2014 жылы Атырау облысының талапкерлерінен тестілеу өткізу орталықтарына кіреберісте тыйым салынған 5 мыңдай зат алынған болатын. Өткен жылы одан аз - 396 құрал алынды. Аудиторияның өзінен алты талапкерден тыйым салынған заттар алынып, олардың жұмыс нәтижелері күшін жойған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
12 сәуір 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.