Атырау, 26 қыркүйек 13:12
 дождьВ Атырау +19.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Облыс әкімі ТШО бас директорымен кездесті

2 749 рет қаралды

Атырау облысының жаңа әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өңір үшін негізгі құрылымдардың басшыларымен танысуды жалғастыруда. 6 сәуірде ол «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тед ЭТЧИСОНМЕН кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Ноғаев ТШО жобасындағы қазақстандық қамту үлесін көбейту қажеттігін атап өтті: айтылған мәліметтер бойынша, 2015 жылы ол тауарларды сатып алуда – 5,9 пайыз, жұмыс бойынша – 50,9 пайыз, қызметтер бойынша – 50,8 пайызды құраған.

– Отандық компаниялар әзір, олар жұмыс жасағылары келеді, бұл мәселелерді келешекте шешуіміз керек, - деді ол сұхбаттасушысына.

Сонымен қатар, ол ҚР заңнамасының бүкіл экологиялық талаптары мен келісімшарт міндеттемелерін сақтауға шақырды.

– Компания қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру қажет, бұл маңызды мәселе. Маған сіздің саласыңыз жақсы таныс, біз жұмыс бойынша тіл табысамыз деп үмітенемін, - деді Ноғаев.

Тед Этчисон Нұрлан Ноғаевты тағайындалуымен құттықтады. Жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысын білдіріп, өзара түсіністікпен жұмыс жасауға үміттенетінін жеткізді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

7 сәуір 2016, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.