Фото: РИА-НовостиӘзербайжан мен өзін-өзі жариялап алған Таулы Қарабақ республикасының билігі бір-бірін 5 сәуірде жасаған бітімді бұзды деп айыптап отыр,- деп хабарлады Азаттық.
Әзербайжан қорғаныс министрлігі қарсы тарап бір тәулікте бітімді 119 рет бұзып, пулеметтен атқылағанын мәлімдеді. Хабарламада Әзрбайжан территориясы Армения мен Таулы Қарабақ территориясынан қатар атқыланғаны айтылады. Әзербайжандық Oxu.Az. агенттігінің хабарлауынша, 20-дан астам елді мекен атқыланған.
Таулы Қарабақтың қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскерилері 7 сәуірге қараған түні мойындалмаған республика аумағына диверсиялық-барлау мақсатында екі рет енбек болғанын айтады. Қарабақ билігінің дерегінше, әзербайжан тарабы да қару-жарақ пен миномет қолданған.
Таулы Қарабақтағы жағдай 2 сәуірге қараған түні күрт шиеленіскен. Бүгін Баку мен Степанакерт төрт күнге созылған ұрыстан тартқан шығынын жариялады. Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ билігі 29 сарбазы қаза тауып, 28-і із-түзсіз жоғалған және 72 сарбазы жараланғанын айтады. Әзербайжан жағынан 31 сарбаз оққа ұшқан.
Дереккөз: azattyq.org