Атырау, 20 сәуір 15:04
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Марк Цукерберг Facebook желісінің жаңа функциясын тікелей эфирде таныстырды

2 159 просмотра

Фото: ReutersFacebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметтік желінің жаңа функциясын тікелей эфирде көрсетті. Енді кез келген адам Live функциясы арқылы тікелей видеотрансляция жасай алады,- деп хабарлайды tengrinews.kz.

Алғашқы видеотрансляцияны Цукерберг өзінің парақшасында жүргізді. Оның айтуынша, Live арқылы қолданушылар видео түсіріп, оны достарымен оңай бөлісе алады. Сонымен қатар, Цукерберг жаңа сервистің танымал адамдармен қатар, қарапайым адамдарға да пайдасын тигізетінін мәлімдеді.

Жаңа сервистің функцияларының ішінде топтық стриминг, видео жөнінен түрлі реакцияны бөлісу және достарды видео қарауға шақыру мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, трансляцияны жаңалықтар лентасында да, достарыңның топтарында да шығаруға болады.

Айта кетейік, Live сервисі 2015 жылдың тамызында іске қосылған болатын. Дегенмен оны пайдалануға танымал адамдарда ғана мүмкіндік болды. Facebook танымал адамдарға видеотрансляция жасағаны үшін ақша төлеуге уәде де берген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 сәуір 2016, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.